Ардақты
оқырмандар!
Қазақстан Республикасы аумағында әлемнің тұрақты Жоғары Ложалар тараптарынан танылған және еңбегін атқарудағы тек бір ғана тұрақты ұйым -Қазақ Жоғары Ложасы(ҚЖЛ) сайтына хош келдіңіздер. ҚЖЛ еркін тасшылар (масондар) Орденінің ежелгі дәстүрлерін сақтаушысы және масондық Нұрын еліміз бен басқа мемлекеттерде кең жайылуына ықпал етушісі.

Еркін тасшылар Ордены – ең ертеде басталған орасан зор,саясаттан тыс, діни емес және ұлтаралық ағайындық пен қайырымдылық одақтар екені мәлім. Тамыры көп ғасырлар тереңінде болса да,содан бері еркін тасшылардың түпкі қағидаты:
Айдар Кенжеханұлы Алпысбай
Жоғары Ұстад 2021-2024
Қазақ Жоғары Ложасы
Соңғыөткен 300 жыл бойы Орден өзінің мүшелеріне. Жаратушыға, жанұяға, мемлекетке арналған махаббатты үйретіп келдіжәнеізгілікке, әділдікке, адалдық пен қайырымдылыққа тәрбиелейді. Әрбір еркін тасшы –жоғары деңгейдегі ақылақ қасиет иесі және мінезі лайық адам. Еркін тасшылық арқылы жақсы адамдарды іріктеп, өзімізді жетілдіріп, қоғамға жәрдем етіп, ақиқатты түсінуге тырысамыз.

Масондық Нұры елімізде алғашқысында 1904 жылы пайда болған еді,ол әуелгі еркін тасшымыз болған,Қазақстанның бірінші премьер-министрі Әлихан Бөкейхан және “Алаш” партиясы мен “Жәдидшілер” қозғалысында аңызға айналған Ағайындарымыздың шарапаттыеңбектері арқылы жүзеге асты. Кеңестің аласапыран замандарында ордаларымыз (ложалар) жабылып, тек 2015 жылда ғана еркін тасшылық елімізге оралып қалпына қайта келе бастаған еді.

Тарихи күнде, 2016 жылы12 қарашада Алматы қаласының Шығысында тұрақтылық дәстүрлері менРесей Жоғары Ложасы тарапынан QAZAQ JOĞARY LOJASY құрылды, оған Австрия, Грузия, Грекия, Молдоважәне Түркия Жоғары Ложалардың өкілдері қатысты. Солай, туған жерімізде қазақ тарихында алғаш рет тәуелсіз еркін тасшы юрисдикциямыз пайда болды.

Осы өткен жылдар арасында үш символдық ордалардан санымызалтыға жетті, олар Астана мен Алматыда белсенді түрде Жұмыстарын атқаруда. Жақын арада жаңа ұстаханаларымыз Шымкентте, Қарағанды менҚостанайда ашылмақ.

Тұрақты қазақ масондығы жыл сайын әлем елдерінің юрисдикцияларына көбірек танымал болып,солар тараптарынан ресми танылып келеді. Осы орайда, алдымыздағы2023 жылының тамыз айындаелордамызда кезекті халықаралық ассамблеяны өткізу жоспарладық.

Ағайындарымыз өздерін бұрынғыдан жақсырақ етуге арналған үнемі еңбектерін ешқашан тоқтатпас, солай белсенді түрде қайырымдық пензерттеудіжәне ағартушылық істерін кең атқаруда.Ордаларымызда гармония мен сыйластық аса үстем, бұл әрдайым өздамытым мен өзара Ағайындық қолдауы құтты ортасы екені мәлім. Ағайын арасында әртүрлі азаматтар бар, ал ең маңыздысы беделділік деңгейі, байлығы, саяси көзқарастары, діні, тілі, нәсілі немесе басқа түрлі бөліну мен төзімсіздіктер арамызда жоқ. Осы себептен, қатарларымызда көп намазхан мұсылман және христиан діндарлары, танылғанғалымдар, кәсіпкерлер мен мәдениет тұлғалары баршылық.

Қазақ Жоғары Ложасы - жасырын емес, бірақ жабық ұйым. Өйткені, надандарға біз жабықпыз, ал білім Нұры мен шынайы Ағайындық махаббатына ынталанған ерлерге әрқашан ашықпыз. Нәсілшілдік таныту, кемсітушілік және отансүйгіштіктің жоқтығына аса қарсымыз. Әрбір еркін тасшы отанына намысы мен қызмет қылуы міндетті және әрқайсымыз өзіміздің елімізге адалмыз.

әркімнің міндеті осы әлемді ізгі ету.
Е∴М∴А∴(Ең Мұхтарам Ағайын)
Айдар Кенжеханұлы Алпысбай
Жоғары Ұстад 2021-2024
Қазақ Жоғары Ложасы
Made on
Tilda